Қазақстанның семсерлесуден Ұлттық құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде алып, тоғыз дүркін Олимпиада чемпиондарын жеңгеннен кейін министр Ербол Мырзабосынов спортшыларды қабылдап, марапаттады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құрама сапында өнер көрсеткен Элмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов және Руслан Курбанов тарихи жеңіске қол жеткізді. Министр олардың табысына үлес қосқан Қазақстан семсерлесу федерациясының президентіне, мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасовқа және командаға жетекшілік етіп жүрген бас бапкер Олександр Горбачукке алғыс білдірді. Горбачуктың жетекшілігімен Жапония құрамасы бұған дейін Олимпиада мен Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.
Ербол Мырзабосынов жетістіктерді Мемлекет басшысының спортты дамыту тапсырмаларының нақты орындалып жатқанын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені енгізу, бапкерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру және жаңа спорт бағыттарын дамыту жүйелі түрде жүргізілуде. Қосалқы спортшы Ерлік Сертайдың еңбегі де ерекше аталып өтті.
Қазақстан құрамасы соңғы жылдары қарқынды нәтиже көрсетіп келеді. Бұған дейін Ұлттық құрама 2023 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алтыншы орынға табан тіреген еді.