homepage
Фото: REUTERS/Sergio Moraes

Бразилия АҚШ тарифінен зардап шеккен компанияларды қолдауға $1,9 млрд қаржы бөлді

23.08.2025, 15:47

Бразилияның мемлекеттік даму банкі (BNDES) АҚШ енгізген кедендік тарифтерден зардап шеккен компанияларды қолдау үшін 10 миллиард реал (шамамен 1,9 миллиард доллар) көлемінде жаңа несие желісін іске қосқанын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Банк бұл қаржының бір бөлігі кәсіпорындардың ағымдағы шығындарын жабуға, ал екінші бөлігі жаңа нарықтар іздеуге бағытталатынын жеткізді. Бұл шара осы айдың басында Бразилия үкіметі жариялаған 30 миллиард реалдық қолдау пакетінің жалғасы болып отыр.

BNDES мәліметінше, АҚШ тарапынан кез келген мөлшерде тариф салынған өнім шығаратын барлық компаниялар, көлеміне қарамастан, аталған несие желісіне қол жеткізе алады.