Таразда жалға алынған пәтерден екі әйелдің денесі табылды. Қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
ҚАЗА ТАПҚАНДАР КІМДЕР
Белгілі болғандай, қаза тапқандар 46 және 54 жаста болса, олардың бірі Таразға Алматыдан келген.
Көршілерінің айтуынша, әйелдер бір жылдай жалдамалы пәтерде тұрған және көршілердің бәрімен жылы амандасып, жақсы жағынан ғана көзге түсіп жүрген. Алайда оларға кімнің және не себептен қастандық жасағаны белгісіз күйінде қалып отыр.
«Қазір кісі өлімі болған пәтердің есігіне мөр басылған», - делінген хабарламада.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен полиция бөлімінің басшылығы аттанды.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Бүгін, яғни 9 қарашада Жамбыл облысы ПД қызметкерлері екі әйел өліміне қатысты 28 жастағы күдіктіні ұстағаны хабарланды.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Сонымен қатар пәтер иесі тіркеусіз тұруға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.