homepage
Фото: REUTERS/Hollie Adams/Австралияның Премьер-министрі Энтони Албанезе

Австралия Палестинаны мойындап, Израильмен арада дау туды

23.08.2025, 11:17

Австралия үкіметі Палестина мемлекетін ресми таныды. Бұл шешім елдегі Газа соғысына қатысты көзқарас өзгергеннен кейін қабылданып, Израильмен қарым-қатынасты шиеленістірді деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

11 тамызда жасалған мәлімдемеден бірнеше күн бұрын Сиднейде ондаған мың адам көшеге шығып, Газаға бейбітшілік пен гуманитарлық көмек жеткізуді талап етті.

Денсаулық сақтау органдары екі жылға созылған қақтығыста 60 мыңнан астам палестиналық қаза тапқанын хабарласа, БҰҰ аймақта аштық қаупін ескертті. Сарапшылар мұндай жағдайда Израильді қолдау саяси тұрғыдан қолайсыз болып қалғанын айтады.

Бұл шешім Канберра мен Тель-Авив арасын соңғы ондаған жылда болмаған деңгейде шиеленістірді. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Австралия басшысын «әлсіз» деп айыптап, елшілердің визаларын қайтарып алды. Канберра да жауап ретінде бір израильдік депутаттың кіруіне тыйым салды.

Жергілікті еврей қауымы болса, мұндай шиеленістің ел ішіндегі антисемиттік оқиғаларды күшейтуі мүмкін екенін ескертуде.