homepage
Фото: juzmedia.kz

Елордада Қытай халқының Жапонияға қарсы күресіне арналған фотокөрме ашылды

22.08.2025, 18:24

Астанадағы Әскери-тарихи музейде Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы күресі мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Көрмеге төрт бөлімнен тұратын 125 сурет қойылып, қытай халқының жанқиярлық күресі мен тарихи жеңіс жолы бейнеленген.

Ашылу салтанатында Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинь бұл жеңістің әлемдік антифашистік күрестегі маңызын атап өтіп, тарихты бұрмалауға жол бермеудің қажеттігін айтты.

Генерал-майор Асқар Мұсабеков өз сөзінде қытай халқының ерлігін дәріптеп, қазақ жауынгерлерінің Жапонияға қарсы шайқастарға қатысқанын еске салды. Оның айтуынша, көрме – батырлар ерлігін ұлықтап, бейбітшіліктің қадірін ұғынуға шақыратын маңызды іс-шара.

Бүгінгі көрмеге Қазақ-қытай достық елшісі Әлинұр Жеңіс те қатысты.

Көрме бір ай бойы жалғасады.