homepage
Фото: REUTERS/Carlos Barria

Пентагон 500 млн долларға дейін кобальт сатып алмақ

22.08.2025, 10:53

АҚШ Қорғаныс министрлігі қорғаныс қорларын толықтыру үшін алдағы бес жылда 500 млн долларға дейін кобальт сатып алуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Reuters дерегінше, Пентагон мен Қорғаныс логистика агенттігі шамамен 7 480 тонна қорытпаға арналған кобальтқа тапсырыс қабылдауға дайын.

Нарықтағы ұсыныстарды тек үш компаниядан – Канададағы Vale SA бөлімшесі, Жапонияның Sumitomo Metal Mining және Норвегияның Glencore Nikkelverk кәсіпорындарынан күтуде.

Сатып алу көлемі 2 млн доллардан бастап 500 млн долларға дейін жетуі мүмкін.

Кобальт негізінен шетелден әкелінеді және ол батарея өндірісінде, жоғары температураға төзімді ұшақ қозғалтқыштары мен газ турбиналарына арналған никель қорытпаларында қолданылады.

АҚШ мұндай қадамға Қытайдың сирек кездесетін жер элементтеріне шектеу енгізіп, маусымда магнит экспортының 75 пайызға құлдырауына байланысты барып отыр.