homepage
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ислам Сәтпаев Шымкентте Азия чемпионы атанды

22.08.2025, 09:34

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, 2 дүркін чемпион атанды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Финалда ол пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда 250.1 ұпай жинап, Қытай спортшысы Лу Дингкеден (249.8) басым түсті. Үшінші орын Оңтүстік Корея өкілі Пак Хаджунға (228.7) бұйырды.

Ислам Сәтпаев 2021 жылы да Шымкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.