Астанада 22 тамыз күні Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда JAIDARMAN. MAMANCUP атты республикалық арнайы жоба өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандар жылына орай ұйымдастырылып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты — жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау, еңбекші мамандардың қоғамдағы мәртебесін көтеру және қазақстандық жастардың мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосу.
Кешке еліміздің әр өңірінен үздік жайдарманшылар қатысып, бас жүлде үшін бақ сынайды. Жүлде қоры:
I орын – 1 000 000 теңге
II орын – 500 000 теңге
III орын – 300 000 теңге
JAIDARMAN. MAMANCUP – әзіл мен тапқырлықты дәріптеп қана қоймай, ел жастарының бірлігін, белсенділігін және шығармашылығын көрсететін мәдени жоба болмақ.
Іс-шараны Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.