6–11 қыркүйек күндері Астанада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мәлімдеді.
Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады.
Аталған додада 2026 жылы Миланда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне екі жолдама беріледі.