Италия полициясы Балтық теңізіндегі «Солтүстік ағын» газ құбырларын жарған күдікті украиналық азаматты қамауға алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Германия прокуратурасы оның аты-жөнін Сергій К. деп қана жариялады. Тергеу дерегінше, ол жалған құжатпен жалға алынған яхтамен серіктестерімен бірге Данияға қарасты Борнхольм арасының маңында жарылғыш зат қойған.
2022 жылдың қыркүйегіндегі бұл жарылыс Еуропадағы газ тапшылығын ушықтырып, Ресей мен Батыс арасындағы текетіресті күшейткен болатын.
Күдікті Германияға экстрадицияланып, сот алдында жауап береді.