Енді Қазақстанда ұшқыштарға лазермен кедергі келтіру немесе ұшқышсыз аппараттарды заңсыз қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, жаңа заң бойынша мұндай әрекеттерге айыппұл салынуы мүмкін, ал ауыр жағдайда кінәлі 10 жылға дейін түрмеге қамалады
Алматы әуежайында тіркелген: 2017 жылы сегіз оқиға болса, 2023 жылы олардың саны 30-ға жетті. Мұндай сәттер әуе қауіпсіздігі үшін өте қауіпті, себебі ұшқыш уақытша көру қабілетін жоғалтып, апатқа әкелуі мүмкін.
Бас прокуратураның айтуынша, бұл өзгеріс қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған.
«Лазер көрсету — ойыншық емес, ол жүздеген адамның өміріне қауіп төндіреді. Енді мұндай заңбұзушылық жазасыз қалмайды» делінген мәлімдемеде.