homepage
Фото: egemen.kz

Ұлытау облысында 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

21.08.2025, 12:24

Ұлытау ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды. Қадағалау актілері нәтижесінде кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын 90 мың гектар жер учаскесі анықталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тексеру барысында жер иелері ұзақ уақыт бойы учаскелерді нысаналы мақсатқа сай пайдаланбағаны белгілі болды. Сот актілері негізінде бұл жерлер мемлекетке қайтарылды.

Жергілікті билік аталған учаскелерді Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес ауылды жерде тұратын азаматтарға беруді жоспарлап отыр.