homepage
Фото: apnews.com

Нидерланды Израильді қару-жарақ көрмесіне қатыстырмайтын болды

21.08.2025, 11:56

Нидерландыда өтетін ең ірі әскери көрме — NEDS биыл Израиль компанияларын қатыстырудан бас тартты. Роттердамда 20 қарашада өтетін шара ұйымдастырушылары мұны «қауіпсіздік пен ұйымдастыру шараларына байланысты» деп түсіндірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz TRT Global-ға сілтеме жасап.

Бұл көрме жыл сайын теңіз қорғанысына бағытталған және оған бұрын Israel Aerospace Industries, Elbit Systems және Rafael сияқты ірі компаниялар қатысатын. Алайда биыл израильдік фирмаларға арнайы хат жолданып, олардың қатысуына тыйым салынды.

Шешім Газаға қатысты соғыстан кейінгі Нидерландтың Израильге көзқарасының өзгергенін көрсетеді. Бұған дейін ел билігі Израильге қару жеткізуді тоқтатып, оны «қауіп төндіретін мемлекеттер» қатарына қосқан. Сондай-ақ Израиль министрлеріне Нидерланд аумағына кіруге тыйым салынды.

Еуропадағы бұл үрдіс жалғасып жатыр: осыған дейін Франция да Париж әуе көрмесінде израильдік компаниялардың бірнеше стендін жауып тастаған болатын.