homepage
Фото: egemen.kz

21 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық пен дауыл күтіледі

21.08.2025, 09:47

«Қазгидромет» дерегінше, 21 тамызда елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ пен тұман болады. Жел екпіні 15–25 м/с дейін күшейеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алматы және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық орнайды. Сондай-ақ елдің оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ашық от жақпауға, найзағай мен қатты жел кезінде қауіпсіз орындарға паналауға, жолдарда сақ болуға кеңес береді. Қажет жағдайда 112 нөміріне хабарласу ұсынылады.