Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына Қарлығаш Рамазанованың кандидатурасын мақұлдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Комиссия отырысында Рамазанованың кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті мен өңірдегі спортты дамытуға көзқарасы жан-жақты қарастырылып, оң қорытынды жасалды.
Қолданыстағы тәртіп бойынша кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал түпкілікті тағайындау министрлік жанындағы комиссияның келісімімен жүзеге асады.