Қазақстанда жағажай маусымының аяқталуына орай «Үздік жағажай» бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Байқау Kazakh Tourism бастамасымен ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сараптамалық комиссия еліміздің өңірлерінен ұсынылған 30-дан астам жағажайды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес бағалады. Қауіпсіздік, санитарлық жағдай, инфрақұрылым, құтқарушылар мен медициналық бекеттердің болуы, экологиялық бастамалар сынды критерийлер есепке алынды.
ТОП-3 үздік жағажай:
Wyndham Garden Beach (Ақмола облысы, Бурабай) – 166 балл;
№5 қалалық жағажай (Алматы облысы, Қонаев) – 145,5 балл;
Орталық жағалау (Павлодар қаласы) – 145 балл.
Kazakh Tourism өкілдерінің айтуынша, үздік жағажайлар таза акваториясымен, дамыған инфрақұрылымымен, экологиялық шешімдерді қолдануымен және отбасылық демалысқа қолайлылығымен ерекшеленді.
«Үздік жағажай» бағдарламасы жыл сайын өткізілетін болады.