Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Венгрияның ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі саналатын «Еңбегі үшін» орденімен марапатталды. Бұл марапат Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның ұсынысымен және Венгрия Президенті Тамаш Шуюктің Жарлығымен Венгрияның ұлттық тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты рәсім аясында табысталды.
Орден 2025 жылғы 19 тамызда Пешт Вигадода өткен ресми рәсімде Венгрияның мәдениет және инновациялар министрі Балаж Ханко мырзаның қолымен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, жазушы әрі драматург Сұлтан Раевқа тапсырылды.
Бұл жоғары мемлекеттік награда Сұлтан Раевқа венгр халқының мәдени ынтымақтастығын қолдаудағы және венгр-түркі достық қатынастарын дамытудағы зор еңбегі үшін берілді.
Сұлтан Раев осынау жоғары құрмет үшін алғысын білдіре отырып, Венгрия мен Түркі дүниесі арасындағы мәдени әрі достық байланыстарды одан әрі нығайту жолында еңбек ете беретінін атап өтті.
Бұл марапат Түркі дүниесінің ортақ құндылықтарын халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан еңбектерін мойындаудың айғағы болып табылады.
