homepage
Фото: Total.kz

Маңғыстауда 455 келі бекіре заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды

20.08.2025, 10:48

Түпқараған ауданында рейд кезінде «Toyota Land Cruiser 100» көлігінің жүк салғышынан 455 келі бекіре табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен («Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық іс Түпқараған аудандық полиция бөліміне берілді.

Прокуратура бекіре тұқымдас балықтарға Каспий маңы елдерінде мораторий жарияланғанын еске салды. Сирек кездесетін жануарларды заңсыз өндіру, сақтау немесе тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.