НИЯЗОВ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ?
Белгілі болғандай, Асхат Ниязов Алматы әкімі Ерболат Досаевтан сұхбат алу үшін оны бірнеше күннен бері әкімдік маңайында торуылдаған екен. Журналистен күдіктенген әкімдік қызметкерлерінің бірі полицияға арыз жазып, оны ақыры ұстатып жіберген.
«Әкімдікке бардық, әкімді қақпа алдында күттік, сұхбат алу үшін оның соңына түстім. Әкімдік ғимаратын күзететін қызметкерлердің бірі менің үстімнен «күдікті адамдар стратегиялық нысанда жүр» деп арыз жазыпты. Ертесіне мені ұстап әкетті. Негізі, телефоныма хабарласып шақырса өзім де барар едім. Сондағысы «әкімді іздеп жүрмін» деп жауап бердім, бізді дереу босата салды», - дейді Ниязовтың өзі.
«ТУЫСТАРЫНА ЕСКЕРТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРМЕГЕН...»
Назымгүл Күміспаеваның айтуынша, Алматы әкімдігі полицияны журналистерді қорқытудың құралы ретінде қолданып отыр.
«Журналисті кәсіби міндетін атқарып жүрген жерінен белгісіз жаққа ұстап әкету жақсы тәжірибе емес. Тіпті, туыстарына және адвокатына ескертуге де мүмкіндік бермеген. Себебін түсіндірмеген. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де жауап бермей қойды. Бұл журналистерді қорқыту секілді», - деп жазды Күміспаева өзінің Instagram-парақшасында.
Бірнеше сағаттан кейін Асхат Ниязов босаталды.
“ӘКІМ” ЖОБАСЫ НЕ ТУРАЛЫ?
Айта кетейік, Асхат Ниязов «Хабар-24» телеарнасындағы «Әкім» жобасымен танымал болды. Тележобада журналист аймақтарға барып, әкімдерге «ыңғайсыз» сұрақтар қойып, халықтың жергілікті билікке қатысты ойын ашық жеткізіп келген. Алайда, бағдарлама белгісіз себептермен жабылып, Ниязов бұл жобаны YouTube-каналында жалғастырды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.