homepage
Фото: polisia.kz

Жетісуда 300 млн теңге субсидия жымқырған кәсіпкер ұсталды

20.08.2025, 10:18

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жалған құжаттар арқылы екі жыл бойы субсидия алып келген ЖШС басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Келтірілген залал 300 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тексеру нәтижесінде шикі сүт сатып алу жөніндегі жалған құжаттар мен май өндіру бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсынылғаны анықталды.

Тергеу дерегінше, заңсыз алынған қаражаттың 110 млн теңгесі күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған.

Сот санкциясымен құны 300 млн теңгеден асатын зауытқа тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.