«Қазгидромет» дерегінше, 19-21 тамыз аралығында Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 20 тамызда Астанада найзағай күтіліп, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Алматы мен Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Сонымен қатар тұман күшейіп, жел екпіні кей аумақтарда 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облыстарында да найзағай мен қатты жел күтіледі. Қызылордада шаңды дауыл болатыны хабарланды.
Өрт қаупі Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында да сақталуда.
Кейбір өңірлерде тұман түсіп, желдің бағыты мен жылдамдығы өзгеруі ықтимал. Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына дайын болуды ескертеді.