15 тамыз күні Nazarbayev University кампусындағы жатақхананың 12-қабатынан студент қыз құлап, көз жұмды. Бұл ақпаратты университеттің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Бұл қайғылы оқиғаға байланысты университет марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», – делінген ресми хабарламада.
Қалалық полиция департаменті 22 жастағы студенттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ал студенттік чаттарда тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай оқу барысына емес, марқұмның жеке өміріне байланысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін де Назарбаев университетінде студент көз жұмған. 18 шілде күні жатақханадан бір қыздың мәйіті табылған болатын. Кейбір деректерге сәйкес, марқұмның суицидке баруына оқуындағы қиындықтар мен жеке мәселелері итермелеген болуы мүмкін. Дегенмен, қайғылы жағдайдың ресми себебі әлі жарияланған жоқ.