homepage
Фото: economist.com/Illustration: Anna Kövecses

Қытай әйелдердің бала туғанын да, мансап қуғанын да қалайды

19.08.2025, 17:18

Қытай билігі бір жағынан туу көрсеткішін көтергісі келеді, екінші жағынан әйелдердің еңбек нарығынан шеттеп қалмауын көздейді деп хабарлайды Juzmedia.kz The Economist-ке сілтеме жасап.

Ел үкіметі әрбір 3 жасқа дейінгі бала үшін отбасыларға жылына 3600 юань (шамамен 500 доллар) жәрдемақы беруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар «mum jobs» деп аталатын икемді жұмыс орындары ашылып жатыр. Бұл бастаманың мақсаты – аналарға бала тәрбиесімен қатар еңбек етуге мүмкіндік беру. Мәселен, Чунцин қаласында мұндай 23 мыңнан астам, ал Гуанчжоуда 12 мыңнан астам жұмыс орны тіркелген.

Алайда мұндай қызметтердің көбі төмен жалақылы әрі уақытша сипатта болып отыр. Қоғамда «неге тек аналарға арналған жұмыс, ал әкелерге жоқ?» деген сын да жиілеген.

Қытайда жұмыс жасындағы халықтың кемуіне байланысты әйелдердің еңбек нарығында белсенді болуы экономикалық тұрғыдан өте маңызды.