Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасын мақұлдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрлік жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия отырысында бұл лауазымға басқарманың міндетін уақытша атқарып жүрген Нұрбол Сыдықовтың кандидатурасы қаралды.
Комиссия мүшелері оның спорт саласындағы тәжірибесін, басқарушылық қабілетін және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымын саралап, оң шешім қабылдады.
Айта кетейік, өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындауға үміткерлерді жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Алайда олардың тағайындалуы тек Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның келісімінен кейін ғана жүзеге асады.