Америкалық Сара Фурр Қазақстандағы биологиялық анасын табуға көмек сұрап отыр. Ол Facebook-тегі қазақ-американ қауымдастығына жазба қалдырып, өзінің түбі Қазақстанмен байланысты екенін, шамасы Еңбекшіқазақ ауданынан екенін айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сара, әсіресе, полиция қызметкерлері мен детективтердің көмегіне үміт артады.
«Егер құқық қорғау органдарында немесе басқа да мекемелерде қолдау көрсете алатын адамдар болса, мен үшін олардың таныстырылуы не ұсынысы өте маңызды болар еді», – деп жазды ол.
Егер сізде қандай да бір ақпарат немесе байланыс болса, Сара Фуррге Facebook арқылы хабарласуға болады.