Қазақстан темір жолдары алдағы бес жылда локомотив паркін жүйелі түрде жаңартпақ. Қазір елде 1,9 мыңға жуық локомотив жұмыс істеп тұр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.
Көлік министрінің айтуынша, 2029 жылға дейін барлығы 456 жаңа локомотив сатып алу жоспарланған. Оларды қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және қытайлық CRRC компаниясы жеткізетін болады.
Ал АҚШ-тың Wabtec компаниясы Қазақстанда қолданыста жүрген локомотивтерді заманауи әрі тиімді техника деп бағалап отыр. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі локомотивтер елдің болашақ тасымал талаптарына толық сай келеді.