Павлодар облысында полицейлер ер адамның тұрғылықты жерінен аса ірі көлемдегі кептірілген марихуана тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тінту барысында тәртіп сақшылары 10 млн теңгеден астам ақша мен 19 мың АҚШ долларын, тұқым, телефон, ноутбук, сондай-ақ өсімдік тектес заттары бар бес вакуумдық қаптама, арнайы вакуумдық құрылғы және электронды таразыны тәркіледі.
Анықталғандай, тәркіленген заттар кептірілген марихуана болып шыққан. Ер адам есірткіні өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті Павлодар қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.