Бүгін мұнай бағасы айтарлықтай өзгеріссіз қалды. Саудагерлердің назары АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский арасындағы Вашингтондағы келіссөздерге ауып отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кездесу барысында Ресеймен бейбіт келісім жөнінде жаңа қадамдар жасалуы мүмкін деген болжамдар бар.
Brent маркалы мұнайдың баррелі таңертеңгі саудада 65,87 долларды құрады. Ал америкалық WTI бағасы 62,89 доллар шамасында тұр. Сарапшылардың айтуынша, келіссөз нәтижесі Еуропаға мұнай мен газ жеткізу көлеміне ықпал етуі мүмкін.
Осыған байланысты нарық қатысушылары бағаның алдағы бағыт-бағдарын белгілеу үшін Вашингтондағы келіссөздерден сигнал күтіп отыр,