homepage
Фото: olympic.kz

Тарихи жетістік: Данил Васильев әлем кубогында күміс жүлде алды

18.08.2025, 09:48

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды juzmedia.kz.

Финалда ол 119,3 ұпай жинап, 2-орынға табан тіреді. Жарыста 129,5 балл алған австриялық Никлас Бахлингер жеңімпаз атанса, қола жүлде Болгария спортшысы Владимир Зогфарскиге бұйырды.

Бұл жетістік Васильевтің 2026 жылғы Милан Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алу мүмкіндігін арттыра түсті. Себебі жиналған ұпайлар оның Халықаралық шаңғышылар федерациясы рейтингіндегі жағдайын жақсартады.

«Данил тек қана алысқа секіріп қоймай, техникалық жағынан да сауатты қонды. Соның арқасында жүлдеге қол жеткіздік. Мұндай нәтиже – Қазақстан тарихында алғаш рет», – деді ұлттық құраманың бас бапкері Павел Васильев.

Айта кетейік, бұған дейін ең үздік көрсеткіш Сергей Такченкоға тиесілі болған. Ол 2021 жылы Щучинскте өткен жарыста 6-орын алған еді. Вислада сынға түскен тағы бір отандасымыз Илья Мизерных 24-сатыға жайғасты.