homepage
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Спорт министрлігі ардагер спортшылардың бірыңғай тізімін жасамақ

16.08.2025, 17:38

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлердегі ардагер спортшылардың бірыңғай тізімі жасалып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Спорт күніне орай өткен спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумында айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа тізім ардагерлерге көрсетілетін қолдау шараларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Әкімдіктер мен спорт федерацияларымен бірлесіп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, медициналық көмек көрсету және бұқаралық спортқа тарту бағыттары қарастырылмақ.

Сонымен қатар Мырзабосынов бүгінгі таңда спорттық мансабын аяқтаған көптеген белгілі спортшылардың спорт менеджменті мен мемлекеттік басқару саласына тартылып жатқанын атап өтті. Бұл тәжірибе спорттағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, салаға кәсіби жүйе қалыптастыруға жол ашады.

Министрліктің дерегінше, Спорт күні аясында елімізде 150-ден астам іс-шара өтеді. Олардың көбі спорт ардагерлерін ұлықтауға және балалар мен бұқараға арналған спорттық бағдарламаларға бағытталған.