homepage
Фото: REUTERS/Stringer

Пәкістандағы су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты

16.08.2025, 11:58

Пәкістанда нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құрбандар саны 300-ден асты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, соңғы апталарда әдеттегіден көп жауын-шашын жауып, жолдар мен ғимараттарды шайып кеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Муссон маусымында ел аумағында толассыз жауған жаңбыр апатты жағдай туғызды. Жүздеген адам опат болып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Көлік қатынасы үзілген аймақтарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Су тасқынынан ең қатты зардап шеккен өңірлерде инфрақұрылым бүлініп, электр желілері істен шықты. Билік халықты қауіпсіз аймақтарға көшіруде.

Пәкістан үкіметі табиғи апат салдарын жоюға халықаралық ұйымдардың көмегін де тартуды қарастыруда.