Австралияның Виктория штатындағы Ян Джак жағажайынан палеонтологтар бұрын-соңды белгілі болмаған көне кит түрін анықтады. Ғалымдар оны Janjucetus dullardi деп атап, зерттеу нәтижесін Zoological Journal of the Linnean Society басылымында жариялады деп хабарлайды Juzmedia.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.
Бұл жыртқыш теңіз жануары 25 миллион жыл бұрын өмір сүрген, ұзындығы шамамен 3 метр болған және тісі өткір, акуланың тұмсығына ұқсас қаңқамен ерекшеленген. Ғалымдардың айтуынша, ол кит, теңіз арыстаны және покемонның «гибридіне» ұқсайтын, бірақ өз дәуірінің мықты жыртқышы болған.
Бас сүйегінің бір бөлігі, тісі мен құлақ сүйегі 2019 жылы табылған. Бұл – Австралияда 2006 жылдан бері алғаш рет анықталған mammalodontid тобына жататын көне кит. Мұндай қаңқалардың сақталуы өте сирек кездеседі, сондықтан бұл табылған олжа кит эволюциясын зерттеуде маңызды рөл атқарады.
Жаңа түрге атау берген – оны тапқан әуесқой палеонтолог Росс Дуллард. Ол бұл жаңалықты «өміріндегі ең бақытты сәт» деп атап, биылғы демалысында достарына кит пішініндегі тәттілер мен теңіз жануары тақырыбындағы ойындар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.