homepage
Фото: Malim.kz

Қазақстанда тіркелген көліктердің 0,3%-ы ғана – электромобильдер

15.08.2025, 16:58

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 6,63 миллион автокөлік тіркелген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Шілде айында ғана 169,9 мың көлік есепке қойылды.

Көліктердің басым бөлігі (82,1%) бензинмен жүреді, 7,1%-ы – аралас отынмен, 7%-ы – дизельмен, ал газ баллонды көліктердің үлесі – 0,3%. Электр қуатымен жүретін көліктер саны – небәрі 20 775 бірлік, бұл жалпы автопарктің 0,3%-ын ғана құрайды.

Тіркелген көліктердің 37,5%-ы қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см аралығында. Мұндай автокөліктер ең көп Алматы облысында (259,3 мың), Алматы қаласында (248,9 мың) және Астанада (196,5 мың) шоғырланған.