Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі ықтимал, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы талқылаған. Қазіргі уақытта сапардың нақты күні мен мазмұны келісіліп жатыр.
Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапар жасап, екі ел қарым-қатынасын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерген маңызды құжаттарға қол қойылған еді.