15 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Аляскадағы Anchorage қаласында орналасқан әскери базада алғаш рет бетпе-бет кездеседі. Бұл — Трамптың қайта президенттікке келгеннен бергі Путинмен алғашқы саммиті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кездесудің негізгі тақырыптары — Украинадағы соғысты тоқтату, жаңа ядролық қару-жарақты бақылау келісімдері және экономикалық ынтымақтастық. Трамп бұл саммитті жаһандық бейбітшілікке қадам ретінде көрсетуді көздеп отыр. Ол болашақта Украина президенті Владимир Зеленскийді де келіссөздерге тартуды жоспарлағанымен, бүгінгі кездесуге бұл жоспар кірмеген.
Сарапшылардың айтуынша, кездесудің нәтижесі әзірге айқын емес. Путиннің бейбітшілік жоспары Ресейге тиімді болуы мүмкін, ал Трамп ядролық келісімге басымдық беріп отыр.
Саммит жергілікті уақытпен таңғы 11-де басталып, жеке әңгімеден кейін делегациялар деңгейіндегі келіссөздер жалғасады. Күн соңында екі тарап бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде