homepage
Фото көрнекілік үшін: Ernur.kz

Алматыда Қасқыр тауында адасқан жасөспірімдер құтқарылды

15.08.2025, 09:33

Алматыда Қасқыр тауында жартасты жырада қалып қойған бес жасөспірім төрт сағаттан астам уақытқа созылған құтқару операциясынан кейін аман-есен шығарылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Жасөспірімдер тау бөктерімен көтеріліп келе жатып, жартасты жыраға түсіп кеткен және өз бетімен шыға алмай қалады. Хабарды топтың бір мүшесі жіберіп, геолокациясы құтқарушыларға белгілі болады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы кинолог және арнайы жабдықпен оқиға орнына жеткен. Қиын тасты бедер жағдайында зардап шеккендерге жету 4 сағаттан астам уақыт алады.

Кері қайту жолында жартасты бөктерлер мен қараңғылық құтқару жұмысын күрделендіргенімен, барлық жасөспірім аман-есен эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.