homepage
Фото: egemen.kz

15 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ пен дауыл күтіледі

15.08.2025, 09:02

«Қазгидромет» 15 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және өрт қаупі күтілетінін хабарлады деп жазады Juzmedia.kz.

Астана мен Алматыда найзағай болжанған, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Шымкентте және бірнеше облыстарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 30 м/с-тен асады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды және басқа да өңірлерде бұршақ, дауыл және қатты жауын-шашын күтіледі. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.

Синоптиктердің айтуынша, желдің күшеюі, найзағай мен нөсер жаңбыр, сондай-ақ өрт қаупінің жоғары болуы жол қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Халыққа ауа райы жағдайын ескеріп, сақтық шараларын ұстану ескертіледі.