Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде 13 тамыз күні төтенше жағдай болды. Мұқан Төлебаев көшесіндегі үйдің тоғызыншы қабатынан лифт төменге құлап кеткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Лифт ішінде болған қыз бала қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алған. Тұрғындардың айтуынша, бұл үйде лифт мәселесі біраздан бері бар, бірақ әлі күнге дейін шешілмеген.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қызға амбулаториялық тексеру жүргізілген. Ауыр жарақат анықталмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмаған.
Емдеу тұрғылықты жері бойынша жалғасады.