Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталғанын дереккөздер растады деп хабарлайды Juzmedia.kz Orda.kz порталына сілтеме жасап.
Orda.kz дерегінше, ол бөтен мүлікті иемденді деген күдікке ілініп отыр, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр
Әбдешов бұл лауазымға биыл ақпанда, қала әкімінің орынбасары қызметіне Руслан Берденов тағайындалған уақытта келген.
Айта кетерлігі, бұл ұсталу оқиғасы әкім орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша өтіп жатқан даулы сот процесімен тұспа-тұс келді. Ол істің басты айыпталушысы – әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембай. Қазір аталған компанияда аудит жүргізілуде.
Жуырда сотта Құрылыс басқармасының қызметкері Берденов бірнеше рет жиналыс өткізіп, Антикор мен Экономикалық тергеу департаментінің тексерулері болатынын ескерткенін айтқан. Бұл оқиғалардың өзара байланысы әзірге белгісіз.