homepage
Фото: REUTERS/Marie Mannes

Норвегиялықтар Маскті жақтырмаса да, Tesla-дан бас тартпай отыр

14.08.2025, 10:30

Илон Масктің оңшыл саясатқа бет бұруы Еуропадағы бірқатар елдерде Tesla-ға сұранысты төмендетсе де, Норвегияда сатылым керісінше өсіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Өткен жылы Масктың Дональд Трамптың сайлау науқанына қаржылай қолдау көрсетуі және Еуропадағы ультраоңшыл партияларды қолдауы Германия, Швеция, Дания және Нидерландта Tesla сатылымын екі есеге дейін қысқартты.

Ал Норвегияда биылғы алғашқы жартыжылдықта өткен жылмен салыстырғанда сатылым 24%-ға артты. 5,5 миллион халқы бар бұл ел қазір компанияның Еуропадағы екінші ірі нарығына айналып отыр.

Норвегия Tesla-ның Солтүстік Америкадан тыс алғашқы флагмандық нарығы болды. 2013 жылы мұнда Model S жеткізіліп, алғашқы Supercharger желісі орнатылды.

Бүгінде елде жаңа көліктердің 94%-ы электрлі, ал Tesla 2021 жылдан бері ең ірі көлік бренді мәртебесін ұстап келеді. Дегенмен биыл Volkswagen уақытша көшбасшылықты иеленді, ал Volvo-ның электрмобильдері де жылдам танылып келеді.