homepage
Фото: gov.kz

Үкімет нашақорлықпен күресу үшін арнайы республикалық штаб құрды

14.08.2025, 09:32

Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейту үшін республикалық штаб құрды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Штабқа Премьер-министр басшылық етеді, оның орынбасарлары – Премьер-министрдің орынбасары мен ішкі істер министрі. Негізгі міндеті – мемлекеттік органдардың есірткі бизнесіне қарсы жұмыстарын үйлестіру, алдын алу шараларын жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңалту жүйесін дамыту.

Құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, сондай-ақ бірнеше министрліктің басшылары енді.

Сонымен бірге өңірлерде, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында да осындай штабтар құрылмақ.