homepage
Фото: juzmedia.kz

Берденовтың адвокаты операция жасалған сәттегі суреттерді көрсетті

13.08.2025, 22:34

Ескерту! Суреттерде қан және басқа да жарақат белгілері бар

“Руслан Берденов адвокаты” Telegram-арнасында оның жарақат алған кездегі суреттері жарияланды. Ол фотолар ота жасалған кезде түсірілген деп хабарлайды juzmedia.kz.

Адвокаттың жазуынша, экс-депутаттың оң жақ жауырын тұсына, жауырын астына, бел аймағына бытыралы оқтан көп жарақат түскен. Жаралардың көлемі – 0,3х0,3 см, жиегі тегіс емес және терінің күйгені байқалады.

Сондай-ақ оң жақ білекте, оң жақ иықта көптеген бытыралы оқ жарақаты бар. Адвокаттың сөзінше, Берденов толық айықты деуге келмейді, әлі де емін жалғастырып жатыр.

Фотолар “Адвокат Берденова” телеграм арнасынан алынды