Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польшада қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды.
Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда” делінген ақпаратттық хабарламада.
Бұған дейін Польшада Қазақстан елшілігінің әскери атташесіне көмекші болған азамат шпионаж ісі бойынша тұтқындалғаны хабарланған. Тергеу шетелдік арнайы қызметтермен ықтимал байланысқа қатысты жүргізіліп жатыр.