homepage
Фото: orda.kz

Дженифер Лопестің концертінде балалардың құқы бұзылған

13.08.2025, 16:01

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Дженифер Лопестің концерті кезінде кәмелетке толмағандардың волонтерлік қызметінде еңбек құқықтарының бұзылғаны туралы шағым түскенін хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Балалардың құқықтарын қорғау комитеті голливудтық жұлдыздың концерті аясында кәмелетке толмағандардың волонтерлік қызметі кезінде олардың еңбек құқықтарының бұзылуы мүмкін деген өтінішті қарастырып жатыр. Мәселе жергілікті атқарушы органмен және Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп зерттелуде”  – делінген ресми түсініктемеде.

Заң бойынша 14–16 жастағылар аптасына 24 сағаттан, 16–18 жастағылар 36 сағаттан артық жұмыс істей алмайды. Міндетті түрде ата-ананың немесе заңды өкілдің жазбаша келісімі қажет. Түнгі уақытта, артық жұмыс уақытымен, вахталық әдіспен немесе қоса атқару арқылы жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Комитет анықталған заңбұзушылықтар туралы еңбек инспекциясына, өздеріне немесе 111 нөмірі арқылы хабарлауды сұрады.