Франция, Германия және Ұлыбритания тамыз айының соңына дейін Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге оралмаса, санкцияларды қайта енгізетінін Біріккен Ұлттар Ұйымына мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Financial Times жазуынша, Е3 тобының (Франция, Германия, Ұлыбритания) сыртқы істер министрлері БҰҰ-ға жолдаған хатында егер Иран дипломатиялық шешімге келмесе немесе келіссөздерді ұзартуға келіспесе, “snapback” тетігін іске қосуға дайын екенін айтқан. Бұл ескерту шілде айында Ыстамбұлда өткен, Израиль мен АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына соққысынан кейінгі алғашқы бетпе-бет кездесуден соң жасалды.
Reuters мәліметінше, хат туралы ақпаратты ресми растау мүмкін болмады. Ұлыбритания, Франция және Германия биліктері түсініктеме бермеген.