homepage
Фото: qara_astana

Астанада 9-қабаттан құлаған 6 жасар бала аман қалды

13.08.2025, 09:30

Астанадағы көпқабатты үйде 6 жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала екінші қабаттағы күнқағарға түсіп, сол жерде тұрған әйел мен көмекке келген жігіттердің арқасында аман қалды. Қазір оның жағдайы ауыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Куәгерлердің айтуынша, сол қабатта тұрған бір әйел баланы құлап кетуден ұстап тұрған, ал үш жігіт жедел әрекет етіп, ішке кіріп, біреуі күнқағарға шығып баланы терезе арқылы пәтерге кіргізген. Сол сәтте бала есін жиып, жылағаны байқалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2019 жылы туған бала жедел жәрдем арқылы №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер оның денесінде ауыр жарақаттар барын айтып, жағдайын ауыр деп бағалап отыр.