Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады. Бүгін бірқатар өңірлерде найзағай соғып, бұршақ жаууы, дауылды жел тұрып, тұман мен шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Жел екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +41°C-қа дейін жетеді. Бұл өңірлерде және басқа да бірқатар аймақта орман-дала өртінің жоғары әрі төтенше қаупі сақталады.
Алматыда ауа температурасы +38°C-қа дейін ысиды. Астанада найзағай мен тұман күтіледі. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Ауа райына байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ескертілді.