homepage
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жатақхана үшін қайда хабарласу керек?

12.08.2025, 15:20

Алматы қаласында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында арнайы ахуалдық орталық жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап.

Аталған орталық жоғары оқу орындары жанындағы жатақханаларда бос орын бар-жоғы туралы мәлімет беріп, студенттерге қажетті бағыт-бағдар ұсынады. Бұл бастама жаңа оқу жылы қарсаңында баспана мәселесін шешуге көмектесуге арналған.

Орталықпен байланысу үшін мына нөмірлерге хабарласуға болады:
+7 700-255-14-43
+7 700-950-95-28
+7 727-237-01-70