homepage
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

1 қыркүйекте мектепке 4,1 млн оқушы барады

12.08.2025, 15:34

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздегі 8 мыңнан астам мектеп 4,1 миллион оқушыны қабылдауға дайын. Оның ішінде 341 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, ал 232 мың оқушы 11-сыныпта білім алады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылының басында 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы, қазір 267 мың орынға шақталған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 140 мың орынға арналған 111 мектеп салынып бітпек. 

Бұдан бөлек, 190 мың оқушыны қамтитын 245 мектепте ауқымды реновация басталған. Оның 60%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа оқу жылына дейін солардың ішінде 99 мың оқушыға арналған 127 мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталады.

2025 жылы тағы 69 мыңнан астам оқушы оқитын 1000-нан астам ауыл мектебі жаңғыртылады, ал 680 мектепке 1100 заманауи пәндік кабинет жеткізіледі.