homepage
Фото: Kazgazeta.kz

Жамбыл облысында әкелі-балалы екеу 200 келіге жуық есірткі сатып сотталды

12.08.2025, 15:11

Жамбыл облысында әкесі мен баласы аса ірі көлемде есірткі сақтап, тасымалдап, өткізгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҰҚК қызметкерлері оларды 2024 жылдың 1 желтоқсанында 12,7 кг гашишті 1 млн теңгеге өткізу кезінде ұстаған. Тергеу барысында олардың Т.Рысқұлов ауданындағы шаруа қожалығынан салмағы 185 кг кептірілген марихуана салынған 13 қап табылды.

2025 жылдың 23 шілдесінде Жамбыл облысының мамандандырылған соты оларды Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға соттады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.